Салтанат Серкебаева ақ келін атанды! Танымал актриса, әнші әрі тележүргізушінің сырға салу рәсімінің кадрлары ғаламторда желдей еседі. Серкебаева құдалық тойын көпшіліктен жасырып қалғысы келгенімен, қадірменді меймандар қатарында жүрген Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкей өздерінің инстаграм парақшасында фото-видеолармен бөлісті.

Салтанат Серкебева енді Семейдің келіні. Ал актрисаның некелі жарының есімі – Нұржан. Желіде Нұржан туралы басқа ақпарат жоқтың қасы. Үлкен тойдың уақыты әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Салтанат Серкебаева режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде Томирис патшайымның бойжеткен кезін сомдаған еді. Оған қоса, сылқым Мөлдір Әуелбекованың «Назар» тобында өнер көрсетті. Бір қызығы, актрисаға 2020 жылы экс-ғашығы үйленуге ұсыныс жасап, «иә» деген жауап та алған болатын. Ол кездегі ғашықтардың махаббаты баянсыз болғаны анық.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @serkebayeva_online

Поделиться: