Сән дегеніміз – тоқтамайтын дөңгелек тәрізді. Алайда кейбір дизайнерлер сән әлеміне ұзақ уақыт бойы өз ықпалын тигізеді. Және олардың ішінде санаулылары ғана біздің ой-санамызды өзгертіп, мәңгіге өз іздерін қалдырады.

Бұл дизайнерлер жәй әдемі киім жасап шығаратындардан ерекшеленеді. Олар біздің күнделікті образымызға деген көзқарасымызды өзгертіп, шабыттандырған жандар.

Том Форд (Gucci, Tom Ford)

90-шы жылдардың ортасында жас америкалық дизайнер Том Форд шағын итальяндық сән үйі Gucci-ді нағыз сенсацияға айналдырды.

Сол сәттен бастап, тұтас он жыл бойы ол тамаша образдар ойлап тауып, индустрияның ең танымал тұлғаларының біріне айналды. Бұл 2008 жылы өзінің аттас брендін ашуына ықпал етті.

Аззедин Алайя (Azzedine Alaïa)

Аззедин Алайя – «қонымды силуэт королі» — индустрияның ең сүйікті дизайнерлерінің бірі.

Аззедин Алайя

2017 жылы дүние салғанына қарамастан, Алайя кезінде дизайнға деген өз көзқарасының арқасында супермодельдердің үлкен қолдауына ие болды. Олар әйелдердің киім киісін өзгерткен киімді ойлап табатын. Жалпы денеге қонымды көйлек тиетін әрбір дизайнер Алайяға алғыс айтуы тиіс.

Миучча Прада (Prada, Miu Miu)

Миучча Прада – бүкіл әлемдегі әйелдердің жүрегін жаулап алған жандардың бірегейі. 90-шы жылдарда Prada-ның қарапайым, жеңіл дизайны әлемдік танымалдылыққа ие болды. Ал 2020 жылы Prada-ның сән әлеміне деген ықпалы таңғажайып деңгейге жетті.

Фиби Фило (Céline)

Фиби Фило Том Форд Gucci-ді танымал еткендей белгісіз бренд Céline-ді ең сұранысқа брендке айналдыра білді.

Эди Слиманның 2018 жылғы жетістігіне қарамастан, Фиби Филоның сән әлеміне ықпалы мәңгіге із қалдырады.

Карл Лагерфельд (Chanel, Fendi)

Лагерфельд Франуз үйінің тағдырын өзгертті – Коко Шанельдің үйін ең мықты брендтердің біріне айналдырды.

Алессандро Микеле (Gucci)

2015 жылы Алессандро Микеле Gucci-дің креативті директорлығына келіп, ғасырлық тарихы бар Үйге итальяндық эстетика сыйлады.

Заманауи дизайнер үлгісінен айнымайтын Микеле гендерлік шекараны өшіріп, ерекшеленді. Ол ерлер мен әйелдерге арналған топтамаларды бір подимуда көрсетіп, унисекс киімді жасап шығарды.

Демна Гвасалия

Грузиндық Дизайнер Демна Гвасалия Balenciaga-дағы жұмсымен және өзіндік бренді Vetements-пен белгілі.

Balenciaga-да Гвасалия жасаған образдар барлық стритстайлерлердің мастхэвіне айналып, сәндегі жаңа дәуірдің бастауы болды.

Николя Жескьер (Balenciaga, Louis Vuitton)

Николас Жескьер – ғылыми фантастиканы сүйіп оқиды, сондықтан оның Balenciaga-дағы бұйымдары сән әлемінің ерекше, құнды жәдігерлеріне айналды.

Қазір Жескьер креативті директор ретінде Louis Vuitton-ның әйелдерге арналған топтамасымен табысты айналысуда.

Эди Слиман (Saint Laurent Paris, Cеline)

Эди Слиманның жұмыстарында жиі кереғарлықтар байқалады. Мысалы ол келісімен бренд атауларының өзгерісі мұны дәлелдейді.

Алайда оның туындылары, көзге бірден танылатын силуэттері оны сән әлеміндегі сенсацияға айналдырды. Слиманның біздің киім-киісімізге ықпал еткеніне дауымыз жоқ.

Стелла Маккартни (Stella McCartney)

МакКартни – бұл есімнің атағы жер жаратыны заңды. Дегенмен, британдық дизайнер сондай-ақ сәнді эко-ұстанымдарға сай еткенімен танымал.

Оливье Рустен (Balmain)

Оливье Рустеннің  Balmain-ға креативті директор ретінде таңдалуы күтпеген жайт болды. Дегенмен, ол бұл қызметке лайық екенін дәлелдей білді.

Оның киімін бір қарағаннан тануға болады, ал өзін ең танымал дизайнерлердің қатарына жатқызамыз.

Клэр Уэйт Келлер (Chloé, Givenchy)

Клэр Уэйт Келлер Givenchy-ды басқарып, Меган Марклдің той көйлегін дайындады. Алайда сән әлемінде ол 2011 мен 2017 жылдар аралығында Chloé-де жұмыс жасағанда таныла бастады.

Оның киімі кербездікке, әйелге тән нәзіктікке тұнып тұр, ал оның аксессуарлары үшін дүниенің тең жартысын беруге болады.

Дэниел Ли (Bottega Veneta)

Дэниел Лидің Bottega Veneta-дағы екі жыл бойғы жұмысы оны сән әлеміне әбден құштар етті. Атақты Pouch клатчы – Kering конгломератының тарихындағы ең көп сатылған сөмке, ал оның басы төртбұрышты туфлилері индустрияның кез келген ықпалды адамында бар.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.