#ерлерзорлыққақарсы! Дәл осы хэштег арқылы Санжар Мәди ер азаматтар арасында челлендж бастады. Актер жігіттерді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үнсіз қалмауға шақырады. Кино жұлдыз интаграм парақшасында нәзік жандыларға арнайы видеожазба қалдырды. Онда Санжар зорлық-зомбылық құрбаны атанған әйелдерге қолдау көрсетіп, бастан өткен оқиғаларымен бөлісулерін сұрады. Актердің мақсаты қоғамда орын алған үлкен мәселемен қалай да болса күресу және қол көтеріп, әйелдерін өлтіруге дейін барған жандардың жазасын алуы. Санжар желіде бастаған эстафетаны енді Ерден Телемисов, Жандос Айбасов және Адий Шариповке жолдады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @sanjar.madi

Поделиться: