Әсел Сәдуақасова отбасы жайлы алғаш рет тың ақпараттармен бөлісті. Актриса 6 жасынан бастап араласпаған әкесінің үйлену тойына келгенін көрсетті. Әселдің айтуынша бұл күні анасы бұрыңғы күйеуімен 32 жылдан кейін кездескен. Еске салсақ, Сәдуақасованың өзі бір жыл бұрын ғана асқар тауын кешіріп, жеке таныстықты сол кезде жасаған еді. Коуч мотиватор атанған сылқым: «Отбасын толыққанды қабылдауға трансформация, яғни өз-өзімен күресу арқылы жеттім» , - дейді.




Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asselsadvakassova