Мазасыз тұлғалық бұзылыс – бұл өзін-өзі бағалаудың өте төмендігімен және эмоциялық жақындықтан қорқумен сипатталатын күй. Мұндай диагнозбен өмір сүретін адамдар өздерін осал сезінгісі келмейді және кез келген тығыз қарым-қатынастан қашуға тырысады.

Дегенмен, кейде олар жаңа тәжірибеге сенім артып, романтикалық қарым-қатынас орната алады. Серігіңізде мазасыз тұлғалық бұзылыс бар-жоғын түсіну үшін мына белгілерге назар аударыңыз.

Әлеуметтік ортасы өте шектеулі және серуендеуден бас тартады

Егер серігіңіздің бір ғана жақын досы болса және ол үнемі көпшіліктен оқшау жүретін болса, бұл оның мазасыз тұлғалық бұзылысы бар екенін көрсетуі мүмкін.

Мұндай адамдар өздерін жеткіліксіз толыққанды сезінеді. Сондықтан олар, эмоциялық жақындыққа алып келетін жағдайлардан аулақ болуға тырысады.

Тек ортақ таныстары арқылы танысқан адамдармен ғана кездеседі

Мазасыз тұлғалық бұзылысы бар адамдар жақын қарым-қатынастан қорықса да, сенім артқан адаммен тұрақты әрі сәтті қарым-қатынас орната алады. Өздеріне жақын, көп жылдан бері араласып жүрген адамдарды ғана жанына жақын тартады.

Сондай-ақ, көбіне ортақ таныстар арқылы танысқан адамдармен кездесуге бейім. Бұл – өздерін қауіпсіз сезінудің бір жолы.

Сізге өзінің әлі де ұнайтындығын көп нақтылайды

Мұндай адамдар өз әрекеттері мен қателіктері үшін өзін жиі сынға алады, сол себепті сырттан мақтау күтеді. Олар үнемі: «Маған ренжулі емессің бе?», «Қатты көңілің қалды ма?», «Ара-қатынасты тоқтатқың келмей ме?» деген секілді сұрақтарды қоюмен болады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Pexels.

Поделиться: