Қуаныш Бейсек кастинг жариялады, кезекті фильміне емес, өзінің мектебіне. Режиссер «Sham» атты оқу ордасының негізін қалады. Киногердің бұл бастамасына қолдау білдіргендің бірі – бизнесмен Улугбек Шарипов. Қос тұлға ресми түрде серіктес. Кука Бейсек ашқан білім мекені тек креативті жастарға арналған. Онда басы-қасы 160 оқушы іріктеліп алынады, оны 80-і грантта, қалған 80 талант ақылы түрде оқымақ. Ал кастинг 7-10 сынып аралығында ғана жүреді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @kukabeisek

Поделиться: