Сырт көзге сау әрі жылтыраған шаштардың өзі күтімді қажет етеді. Оны жиі бояу, дұрыс жумай үнемі фенмен кептіру, бұйралау, не керісінше тегістеу, тағы құрғақ ауа бүлдіреді. Десе де, қамығудың керегі жоқ. Өйткені, сапалы күтім жасау арқылы шаштың табиғи сұлулығын қайтаруға болады. Ең бастысы, біз айтатын төмендегі қателіктерге бой алдырмаңыз.

Басты жиі жуу

Көпшілік, басты жиі жуу шашқа кері әсерін тигізеді деген пікірде. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Керісінше, шаш пен бас терісі майланудан және кірден зардап шегеді. Ал заманауи сусабындар оны қалыпқа келтіреді.

Шашқа күтім көрсету

Шаш күтіміне тым аз уақыт бөлінеді

Әрине, шаш күтіміне арналған өнімдер бірден әсер етпеуі де мүмкін. Сондықтан шыдамдылық таныту қажет. Десе де, трихологтар сапалысын алуға кеңес береді. Өйткені , кейбір арзан сусабындардың құрамы дұрыс болмауы мүмкін. Нәтижесінде шаш құрылымы бүлінеді.

Майларды дұрыс қолданбау

Майлар шаш күтіміне арналған көптеген өнімдердің құрамында бар. Олардың пайдасы зор. Бірақ барлығы бірдей емес. Кейбірі бас терісіндегі тесіктерді жауып тастайды. Нәтижесінде, шаштың түсі өзгеріп, әлсіз бола түседі. Жиі ұшталып, сынғыш келеді.

Шашқа күтім көрсету

Бас терісіне күтім көрсетілмейді

Шаштың астында тері бар. Ол да күтімді қажет етеді. Сондықтан жиі пилинг жасап, ылғалдандыратын маскалар жасап тұру қажет.

Мына кеңестерге құлақ түріңіз. Күн сайын орындалуы тиіс қарапайым ережелерді ескеріңіз.

  • Күн сайын тұтынатын тағамдарға назар аударыңыз

Дұрыс тамақтану шаш өсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан диета ұстанып, жақсы нәтижеге жылдам қол жеткізуге болады.

  • В12 дәруменін қабылдаңыз

Цианокобаламиннің жетіспеушілігі бас терісін құрғатып, шаштың түсіміне алып келеді. Бір сөзбен айтқанда, оның өсуін тежейді.

  • Е дәруменін қосыңыз

Токоферол бас терісін оттегімен қанықтырып, шаштың өсуіне жағдай жасайды.

  • С дәруменін қабылдауды ұмытпаңыз

Ол ұсақ қан тамырларын нығайтады. Яғни, шаш фолликуласы үшін маңызды.

  • Коллаген қосылған өнімдер шашқа оң әсер етеді

Күнделікті коллаген қоспаларын қабылдау шашыңызды жұмсақ, тегіс және жылтыр етеді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.

Поделиться: