Шашқа арналған сарысулар әртүрлі қызметтерді атқарады. Кейбіреулері зақымдалған шашты қалпына келтіреді, басқалары сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды, ал үшіншілері бас терісінің саулығын қамтамасыз етеді. Көптеген өнімдердің ішінен біз өзіміздің фавориттерімізді таңдап, олар туралы сіздерге айтып беруге асықпыз.
Zielinski & Rozen

Дәл осы сарысу пайдалы қасиеттерінен бөлек, өзіне тән тамаша хош иісімен ерекшеленеді. Оның құрамында қара бұрыш, амбра және нероли бар. Өнім шашты қалпына келтіріп, сыртқы факторлардың кері әсерінен қорғайды, сондай-ақ шашты жұмсақ әрі иілгіш етеді.
BALMAIN

Бұл косметикалық құрал түнде қолдануға арналған. Сіз ұйықтап жатқан кезде, сарысу шашты нығайтып, ұштанған жерлерін тегістеп, табиғи майлар мен дәрумендермен қоректендіреді.
Sisley

Шаш түсу проблемасы бар жандарға Sisley өнімін қолданып көру ұсынылады. Бұл тоникалық және нығайтушы сарысу бас терісіне жағылады, оны терең нәрлендіріп, “ұйықтап жатқан” шаш түбірлерін оятады. Соның нәтижесінде шаштар күшті әрі төзімді бола түседі.
Moroccanoil

Кейбір сарысулар, мысалы Moroccanoil, тек шаш ұштарына арналған. Бұл құрал кутикулаларды бекітіп, шашты ылғалдандырады және одан әрі зақымданудың алдын алады.
ORIBE

Шаштың сынғыштығы енді сіз үшін мәселе болмайды, өйткені ORIBE нығайтушы сарысуы шаштың әлсіреуіне жол бермейді. Сонымен қатар, ол шаш бояуын қорғап, түсінің қанықтығын сақтауға көмектеседі.
VICHY

Бұл өнім жаңа шаштардың өсуін ынталандырады. Олар бірден қалың, сау әрі мықты болып өседі. Құрамындағы ресвератрол мен стремоксидин шашқа қосымша көлем мен табиғи жылтыр береді.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.