Жаздың ең ыстық мезгілі - фильм тамашалауға таптырмас уақыттың бірі. Сондықтан болар көптен күткен картиналардың премьералары өтеді. Биыл шілде айында да бұл дәстүрден жаңылмай, кинотеатрлар сұраныстағы фильмдерге толы болмақ. Қайта оралған кейіпкерлер, жаңа өзгерістер және суперқаһармандардың текетіресі — барлығы да осы айда.
«Pretty Thing», 3 шілде
Табысқа жеткен әйел мен оның елемей жүрген ғашығы туралы эротикалық триллер шиеленісті сюжеттерді ұнататындар үшін таптырмас туынды. Басты кейіпкер өліммен аяқталуы мүмкін қауіпті ойынға тап болады. Бұл фильм арқылы Алисия Сильверстоун біраз уақыт үзілістен кейін қайта оралмақ. Оның әріптесі — Зои Кравицтің бұрынғы күйеуі Карл Глусман.
«Dangerous Animals», 10 шілде
Серфингпен айналысатын қайсар қызды маньяк ұрлап кетіп, құрбандарын акулаларға тастайды. Қыз психопатты айласымен жеңіп, аман қалу үшін барын салады. «Дивергент» пен «Өз-өзіне қол жұмсау жасағының» жанкүйерлері бұл фильмде Джай Кортниді ерекше зұлым рөлде көреді.
«Superman», 10 шілде
Джеймс Ганн DC ғаламын қайта жандандыруға кірісті. Оның Супермені — Дэвид Коренсвет жаңа Әділет Лигасының көшбасшысы болады. Бас кейіпкер «Голливуд» сериалының жұлдызына Рэйчел Броснахэн (Лоис Лейн) мен Николас Холт (Лекс Лютор) серік болмақ.
«Smurfs», 16 шілде
Гаргамель мен смурфиктердің күресі жаңа нұсқада жалғасын табады. Зұлым сиқыршы Папа Смурфты ұрлап әкеткен соң, Смурфетта құтқару миссиясын бастайды. Атақты бельгиялық мультфильм кейіпкерлері қайтадан шынайы әлемге тап болады.
«Jurassic World Rebirth», 3 шілде
Жаңа кейіпкерлер динозаврлармен бетпе-бет келіп, ғалымдардың зерттеулеріне көмектеседі. Скарлетт Йоханссон мен Джонатан Бейли архаикалық әлемнің бар қауіпін өз мойындарына алады. Бұл — адамдар мен ежелгі рептилиялар арасындағы қарым-қатынас туралы әйгілі франшизаның жалғасы.
«Casa en flames», 17 шілде
Испаниялық мелодрама махаббат тақырыбы жайлы емес. Үйді сатпас бұрын отбасы соңғы рет бірге жиналады. Еске алу мен сағынышқа толы демалыс орнына олар күтпеген шындықтар мен қақтығыстарға тап болады.
«The Fantastic Four: First Steps», 24 шілде
Marvel әлемінің культтік кейіпкерлері ретро дәуірге тап болады. Алайда олардың мәселелері өте заманауи — бала тәрбиесінен бастап, Галактусқа қарсы күреске дейін. Фильмге авторлар жаңаша дем беру үшін қайта таспалаған және көрермен Педро Паскальдің Рид Ричардс рөлімен қалай өрбігенін тамашалаймыз.
«The Naked Gun», 31 шілде
Лесли Нильсен ойнаған аты шулы абсурд комедия жаңа өңдеуге ие болды. Басты рөлде — әдетте байсалды кейіпкерлерді сомдайтын Лиам Нисон. Ол енді әлемді құтқаратын тыңшыға айналады. Комедиялық боевикті Акива Шаффер түсірген. Оған Памела Андерсон, Кэвин Дюран және блогер Лайза Коши серік болады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.