Пастель эстетикасы сән әлеміне жаймен, бірақ сенімді түрде еніп келеді және ол мұнда ұзаққа қалатындай. Біз оған қарсы емеспіз, керісінше алдын ала дайындалып жатырмыз. Сондықтан шілде айындағы ең тиімді сәнді инвестиция — Stella McCartney брендінің шілтермен көмкерілген атлас топ пен белдемшесі.
Күлгін раушан реңкіндегі нәзік те тартымды түс образға бірден романтикалық әрі сырлы әсер береді. Айтпақшы, бұл сексуалды комплектіні бөлек те киюге болады — сол арқылы түрлі нәзік әрі сезімге толы look жасауға мүмкіндік бар. Топты классикалық костюммен бірге жұмыс кездесулеріне кисеңіз, ал белдемше романтикалық кешкі асқа немесе мейрамханадағы отырыстарға таптырмас таңдау болмақ. Айта кетейік, мұндай сән инвестициясы бүгінде «Sex and the City» телехикаясының кейіпкерлеріне, әсіресе, түнгі жейделерге ұқсас ашық көйлектерді жиі таңдайтын Кэрриге де ұнайтын еді.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.