«Өнерлі отбасы»! Димаш Құдайберген өзінің туған інісі Мансұр және қарындасы Раушанмен бірігіп бейнебаян таспалады. Әлемге әйгілі әнші Instagram парақшасында Together трегіне арналған туындының кадрларымен бөлісті. Еске салсақ, Мансұр Құдайберген алғаш Димаштың Алматы қаласында өткен «Stranger» шоуында дебют алған еді. Отбасылық трионың жаңалығымен бөліскен Димаш dears-тан қолдау күтемін деп отыр.

Димаш

«Қымбатты, достар сіздермен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Бүгін біз — мен, Раушан және Мансұр жаңа бейнебаян түсіреміз. Бейнебаян Мансұрдың алғашқы композиторлық туындысына түсіріледі. Ән Together, яғни «бірге» деген мағынаны білдіреді. Сіздерге барлық жақсылықтарды тілеймін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз».


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: