Халықаралық әйелдер күні – әрдайым көктемнің басталуын «ашатын» алғашқы мереке. Ауа райы әзірге өзгеріп, бізді жылы күндермен қуанта қоймағанымен, бұл еш кедергі емес. Жылы лебіздер, жақындарыңызбен бірге өткізетін мерекелік кездесулер және өзекті сыйлықтар жанды кем дегенде сондай жылытады. Осы орайда Harper’s BAZAAR Kazakhstan сіздерге көктемгі көңіл күй сыйлайтын 8 наурызға арналған сыйлықтар топтамасын ұсынады. Бұл сыйлықтарды жақындарыңызға да, өзіңізге де тарту ете аласыз. Біздің гид сізге уақыт үнемдеуге көмектеседі, өйткені мерекеге дейін көп уақыт қалған жоқ.
Zielinski & Rozen хош иісі
Saltanat Diamond Gallery брошь
Alaïa балеткалары
Егер сіз әпкеңіздің, анаңыздың, жақын құрбыңыздың, тәтеңіздің немесе әжеңіздің талғамын жақсы білсеңіз, батыл сыйлық таңдаудан қорықпаңыз. Анималистік принттер әлі де трендте, сондықтан таңдауыңызбен қателесіп қаламын деп алаңдамасаңыз болады.
Chanel көз бояуы
Bvlgari сырғалары
Bvlgari бізге жақын жандарымызға махаббатымызды ерекше әсем түрде білдіруге мүмкіндік береді. Divas' Dream культтік топтамасындағы сырғалар уақытқа бағынбайтын әсемдігімен және әсерлілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар олар әйелдердің күшін, сұлулығы мен стилін дәріптейді.
Christian Louboutin сөмкесі
Sisley тазартқыш муссы
Cult Gaia алқасы
Esternar ыдыстары
Louis Vuitton кардхолдері
Шағын ғана сый да біреу үшін қастерлі қамқорлық белгісіне айналуы мүмкін. Оның үстіне француз сән үйінің нәзік лаванда реңкті кардхолдері ешкімді бейжай қалдырмайды.
Guerlain ерін далабы қапшығы
Сүйікті әріптесіңіз не құрбыңыз Guerlain ерін далабын қолданатынын білсеңіз, оған стильді қап сыйлаңыз. Мұндай сыйды игі көктемгі дәстүрге айналдыруға болады. Неге болмасын?
MAISON de SABRÉ телефон қапшығы
Әрине, мұндай телефон қаптары әлдеқашан таныс нәрсе. Дегенмен қолын бос ұстағысы келетін іскер әйелдер үшін, мысалы, кеңседе, ол айрықша пайдалы болуы мүмкін. Фуксияның әсем реңіндегі пайдалы сыйлық.
Shanghai Tang пижамасы
Ципао стиліндегі аутентті пижама әдемі үй киімін таңдайтын ең талғампаз жанкүйерлердің де көңілінен шығады. Бұған қоса, біреулер креатив танытып, оны күнделікті де киіп жүрер.
Tiffany & Co. көзілдірігі
Біз бірнеше мәрте айтқанбыз: 2026 жылы мүйіз жақтаулар «жалаңаш» үлгілерге орын береді. Мұндай аксессуарлар батыл да өзекті көрінеді, күннің күйдіргіш сәулесінен көзді қорғайды әрі образдарға жұмбақ реңк қосады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.