Біз әртүрлі текстураларға деген сүйіспеншілігімізді жасыра алмаймыз және сіздерге мінсіз былғары тренчтерді таңдауды ұсынамыз. Олар жүннен тігілген пальтолар мен мәңгілік классикаға айналған бомберлерге лайықты бәсекелес бола алады. Іріктемеміздегі кейбір үлгілер қыста аса практикалық көрінбеуі мүмкін, алайда өмір салтыңыз соған мүмкіндік берсе (мысалы, қала ішінде көбіне көлікпен жүрсеңіз), оларды қазірдің өзінде киюге әбден болады. Айтпақшы, «крутость» аурасы бұл тренчтермен бірге бонус ретінде қоса беріледі. «Матрицадағы» Тринити, Блэйд немесе Брэндон Ли сомдаған «Қарға» фильмінің кейіпкерін еске түсірсек жеткілікті. Дегенмен, кинематографиялық классика да бір сәтте жалықтыруы мүмкін. Сол себепті дизайнерлер тек қара түсті былғарымен шектелмей, қолтырауын терісін еске салатын текстуралармен және ашық, қанық түстер палитрасымен де жұмыс істеуде.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan бір ғана сырт киім моделін таңдауда тоқтау қиын болатынына сенімді. Ал былғары тренчтер — қыс мезгілі болмаса да, алдағы көктем үшін мінсіз таңдау екені сөзсіз.
Toteme
Cos
Arket
Aspen
All Saints
Self-Portrait
Loewe
Mango
Harper's BAZAAR UK ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.