Танымал тележүргізуші әрі актриса Аша Матай артық салмақпен қалай күрескені жайлы ашып айтты. Өнер иесі жүктіліктен кейін 32 келі қосып алғанын «Қыздар-ай» бағдарламасында мойындады. Сылқым тіпті арықтау мақсатында дәрі де ішкен екен.  

«Босанған соң 32 келі жинап алдым. Көрермендерім де көп сұрап жатады. Бойым 158 сантиметр, босанғанға дейін 47 келі болдым. Кейін 52-ге көтерілді, солай жинай бердім. Мен үшін бұл қорқынышты болдым. Ісініп, домаланып жүрдім. Нақты неден арықтағанымды білмеймін. Қозғалыс қой. Спортпен айналыстым, ПП-ға отырдым демеймін. Арықтатын дәрілерді де іштім. Бір айтарым — мұндайды ішпеңіздер. Кейін менің суретім қойылған түрлі дәрілер шығып кетті. Оған да сенбеңіздер. Мен ондайды ішпеймін», — деп Аша өзінің өмірінде тәжірбиесімен бөлісті. Бүгінде 2 қыз тәрбиелеп отырған Ақбота, қыздарға кеңес болсын деген ниетте.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asha_matai

Поделиться: