Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әнші әрі актриса инстаграм stories-ында басына орамал тағу туралы ойын білдірді. Фолловерлер: «Неге орамал біресе тағып біресе шешіп жүрсіз... Хиджаб киді деп желіге шығып еді?» - деп сауал қойған. Жолдыбаева бұл орайда арнайы жазба қалдырған.


Фото. Instagram @kamshat__zholdybayeva
«Желіде жазатын нәрселерге сене берудің қажеті жоқ. Толық орамалға көшпесем де, 10 күн бойы оранып, қасиетті мекенде құлшылық етіп келдім. Сол видеодан тараған ақпараттар болар... Алда қандай өзгерістер, толықтырулар күтеді – бір Алла біледі. Ниетім бар», - деп нүкте қойды.
Ал, алдағы кезде ниетім бар деген Кәмшаттың орамалға келу сәтін уақыт көрсетеді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @kamshat__zholdybayeva