Арман Қоңырбаев пен Аша Матай Түркия еліне демалысқа аттанды. Жұлдызды жұп өздері ғана емес қастарына 2 қызы мен Арманның анасын алып алған. Анталья қаласындағы курорттық қонақүйлердің біріне тоқталған қос ғашық теңіздің жағасы керемет таңдау екенін жазған еді. Инстаграм парақшаларында демалыстарынан фото-видео көрсетіп жүрген Ашаға, оқырмандар енесімен бірге демалып жүргеніне қошемет көрсетті.  

Луина болса теңіз жағасын емес, белсенді демалысты таңдаған. Әнші өзінің күйеуі Артем Обуховпен бірге бүгінде Парижден сәлемдеме жолдады. Еске салсақ, жұлдызды жұп Францияға арнайы әйігілі әнші Бейонсенің концертіне кеткен еді.

Дина Тасболатова ет жақындарымен бірге шет елде уақыт өткізіп жүр. Актриса Түркия елінің Аланья қаласына әпкесі және жиендерімен бірге аттанды. Жазғы weekend-ті бастап кеткен кино жұлдызы теңіз жағасындағы атмосфераны оқырмандарына көрсету үшін желіде белсенді.

Желі жұлдызы Мадлен де на рахате! Блогер Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде 1 аптадан астам уақыт демалды. Сылқым сондай-ақ, инстаграмдағы белсенділігін де азайтқан. Тіпті, Мадина бір апта бір ғана пост жүктеп, контентке мүлдем уақыт болмағанын жазды.  Ал, Мадлен Дубайда анасымен бірге жүр.

Жұлдыздар теңіз жағасында жүрсе, Асқар Ілиясов Пекинге аттанды. Актер өнердегі достарымен бірге Қытайдың астанасын тамашауға арнайы кеткен. Асқардың жанында экс-Yuframe-дік блогер Адина Топашева мен кино режиссер Дәурен Қамшыбаев бар.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asha_matai

Поделиться: