<strong>«Кадрда өз-өзіме ұнамаймын!»: Мақпал Исабекова неліктен депрессияға түсті?</strong>

03 апреля 2023

Мақпал Исабекова бүгінде артық салмақпен күресіп жүр. Декреттік демалыста жүрген әнші соңғы кездері тіпті депрессияға түсіп кеткенін айтып, инстаграм stories-ында жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы босанғаннан кейін кадрда өз-өзіне ұнамай кеткенін айтады. Макосяй соңғы 9 айдан бері белсенді түрде спортпен шұғылданып, диетаға да отырған. Алайда, өзі қалаған нәтижеге жете алмай жүрсе керек. 

Исабекова бұл мәселелерді айтуымның себебі, «өзіме деген аяушылық тудыру үшін емес, тек оқырмандарымның арасынан ұқсас оқиға болса кеңес алмасу үшін ғана», - дейді. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @makosyai

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше