Баян Алагөзова қызметкерін сотқа берді. Мақсатқызы қол астында жұмыс істейтін Сандуғаш есімді «Kesh YOU» тобының атқарушы продюсеріне арыз жазған. Оған себеп, Сандуғаш ұжымдағы қыздарды түсірілім алаңында өзгелердің көзінше қорласа керек. Бұл оқиғаны 4 айдан кейін естіген Баян Мақсатқызы бірден істі қолға алған. 

Баян Алагөзова

Бүгінде соңғы сот отырсы аяқталып, Сандуғаш қыздардан ресми түрде кешірім сұраған. Мақсатқызы осылайша, өзгелерге сабақ болса екен деп инстаграм парақшасында арнайы пост салды. Оған қоса, продюсер алдағы уақытта өзінің ар-ұятын қорғау мақсатында сот залына қайта бармақ.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: