Мадина Сәдуақасова артық салмақпен күресуді бастады. Эстрада жұлдызы инстаграм парақшасында арнайы пост салып, соңғы кездері семіріп кеткенін мойындады. Әншінің айтуынша, оған себеп тойдың көп болып кетуі екен. Өнер иесі бұл орайда, оқырмандарының кеңесіне жүгінбек. Сәдуақасова тіпті фолловерлеріне TikTok түсіріп бастағаным қалай болады екен деп сауалнама жүргізді. 

«Рас, мойындаймын, артық салмақ қосып алдым. Соңғы кездері бізде той өте көп болып кетті, білесіздер. Енді салмақ қуу басталды менде. Айтпақшы, TikTok әлеміне кірсем, қалай? Қызық па ол жақ? Жазыңыздар, жүгіріп жүріп коммент — кеңестеріңізді оқимын», — бұл Мадинаның жеке парақшасындағы жазбасы. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: