Соңғы қоңырау соғылды! Отандық жұлдыздар балаларының мектеп бітірген сәтімен бөлісті. Шоу-бизнес өкілдері бүгінде балақайларын ақылы түрде оқытатыны мәлім. Сонымен, танымалдар бұл орайда жылына қанша қаражат жұмсайды?

Айдана Меденованың қызы 1-сынып бітірсе, кенже ұлы мектепке дайындық курсын тәмамдады.  Әнші балаларын «Шоқан Уәлихов атындағы мектепке» берген. Бүгінде дәл осы білім ордасына жылына кем дегенде 2 700 000 тенге қаражат жұмсау қажет.

Назиманың да қызы Амели де мектепке дайындық кезеңінен өтті. Әнші қызының соңғы қонырауына барып, мұғалімдеріне алғысын білдірді. Назиманың ханшайымы Алматы қаласындағы Tamos Education мектебінде білім алып жүр. Ал, ол жердегі оқудың бюджеті жылына 2 700 000 теңге.

«Уақыт зымырап барады!» Арман Юсупов пен Карина Окусукпаеваның тұңғыштары Алим Юсупов бірінші сыныпқа барады. Мектепке даярлықты тәмамдаған кішкентай блогер түлектер сынды арнайы фотосессия жасап, естелікке винетькаға түскен.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @yussupov21

Поделиться: