Соңғы кездері күйзелісте жүрген Мақпал Исабекова оқырмандарынан сүйінші сұрады. Әнші екінші мәрте ана-атанатынын мәлімдеді. 14-ақпан күні жағымды жаңалығын жария еткен Макосяй, 3 жыл бұрын дәл осы күні сүйіктісінен тұрмысқа шығуға ұсыныс алған болатын. Ал 2023 жылы Мақпал дәстүрінен жаңылмай тұңғыш ұлы Теадорды көпшілікке таныстырды. Десе де, декретте отырған эстрада жұлдызы былтыр басынан ауыр кезеңді өткерді. Исабекова инстаграм сторисында күйеуінен бөлек тұратынын, қарым-қатынастарының қиындап кеткенін де жазған еді. Алайда депрессияның арты қуанышқа ұласты. Олай болса, Мақпалды шын жүректен құттықтап, болашақ сәбиін аман-есен бауырына алсын деп тілейміз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai Автор. @sadykov.ilyas.

Поделиться: