Жібек жолы ауылында ер адам әйеліне темір іш киім кигізіп қойған. Әйелін қызғанған азамат оны үнемі соққыға жығып, ал ол түнгі кезекшілікке кетіп бара жақанда сымнан жасалған киім кигізген деп хабарлай Оtyrar.

Опасыздық жасайды деп қорыққан жұбайы осылайша оның алдын алуға тырысқан дейді Сарыағаш аудандық әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметінің сектор меңгерушісі Марат Тарақтиев. Ал әйелі үйіне келгенде темір іш киімін шешіп, адалдығын тексеріп отырған.

темірден жасалған іш киім киюге

Тарақтиевтің айтуынша, бұл Сарыағаш ауданындағы алғашқы осындай жағдай емес. Жыл басталғалы ауданның 88 тұрғыны тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерін айтып, дағдарыс орталығынан көмек сұраған. Оның 74-і әйел, 14-і ер адам. Ал Жібек жолы ауылдық округінде 15 әйел үйдегі озбырлықтан зардап шегіп, ауруханаға түскен.

Бүгінгі күні ұрып-соғу сияқты ортағасырлық азаптауларға мүлдем жол берілмейтінін айту керек. Ал осындай факт тіркелсе, зардап шегушілер көмек алып, қорғау талап етуге құқылы. Сондықтан қиын өмірлік жағдайды бастан өткерген қазақстандықтар еліміздің кез келген жерінен 150 нөміріне хабарласып, тәулік бойы тегін және анонимді түрде қызмет ала алады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: