«Айтатын уақыт келді»: Тамирис Жанғазинова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны рас па?

13 ноября 2023

«Бұл оқиға бәріміздің басымыздан өткен! Айтатын уақыт келді…» Бұл Тамирис Жанғазинованың жан айқайы. Әнші әрі актриса, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Тамирис басынан өткен жағымсыз естеліктерді бейнебаян негізіне жинақтады.

Тамиристің шынайы оқиғаға негізделген туындысы «Shanyraq» деп аталады. Клип бір кадрда – монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер – отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі.

https://www.youtube.com/watch?v=y_k91ROubBU

Бейнебаянда көрсетілгендей қолындағы кәдімгі тыртық пен көзіндегі жас - әншіге жасалған нағыз зорлық-зомбылық әрекеттерінің нәтижесі. Тамиристің жеке өміріндегі соңғы қарым-қатынасы осындай келеңсіз себептер әсерінен тоқтаған.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @tamiriszhangazinova

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше