«Бастысы өзіңе сен!». NAZIMA тыңдармандарын қуантты. Әнші алғаш рет тек қазақ тілінде жаңа композиция ұсынды. Black Star лейблының әртісі жарыққа шығарған трек – Sen деп аталады. Туындының сөзін жазған Назиманың өзі. Оған қоса сылқымға қазақ тілінде ән шығаруға Әнуар Баймұрзаев яғни рэпер DE LACURE көмектескен. Тректен фанаттар Назима жайлы ақпарат та ала алады, онда мынандай шумақтар бар:

«Руым қонырат

Қазақ қызы

Тарихта қалады ізім!».

Назима

Назиманың қазақ тіліндегі әнін тыңдарман мақтанышпен қабылдады. Әншінің фан базасы үшін бұл көптен күткен сәт.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. 

Поделиться: