Тарихтағы ұлы әйелдер – әрбіріміз үшін нағыз үлгі аларлық тұлғалар. Ғасырлар бойы бүкіл әлем бойынша әйел затының өкілдері өз құқықтарының теңдігі үшін күресіп, толағай табыстарға жеткен. Бізге қалғаны – осындай мықты, тау тұлғалы әйелдерден үлгі алып, өз биіктерімізді бағындыру. Бұл мақаладағы басты кейіпкерлер – әлемді өзінше өзгерткен тарихтағы әйелдер.

ЭЛЕОНОРА РУЗВЕЛЬТ, 1930 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер
Вашингтондағы Элеонора Рузвельтке қойылған ескерткіш

Күйеуі Теодор Рузвельт президент атанған кезде, Элеонора шетте қалмады. Ол алғашқы ханымдар рөлін түбегейлі өзгертіп, адамдардың, оның ішінде нақты әйелдердің құқығы үшін күреске түсті. 1945 жылы ол БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрайымы болды.

ФРИДА КАЛО, 1930 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер
Фрида Калоның портреті

Өнер әлеміндегі алып тұлға Кало Мексика мен бүкіл әлемге ой салатын таңғажайып туындыларының арқасында белгілі болды. Оның шығармашылығы сиқырлы реализмнен бастау алады. Ал Фрида Калоның «Рамка» автопортреті жиырмасыншы ғасырдағы Луврға қойылған мексикалық суретшінің алғашқы жұмысы болды.

РОЗА БАҒЛАНОВА, 1940 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

КСРО Халық әртісінің дауысы үміт сыйлады. Ол майдан аралап, соғыс жылдары бойы отан қорғаушыларды өзінің сыңғырлаған үнімен қолдады. Атақты әнші «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

АННА ФРАНК, 1940 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер
Анна Франктың Вашингтондағы Холокост құрбандары мұражайындағы портреті

Анна Франк 1945 жылы концентрациялық лагерьде қаза тапқан жас еврей қызы болатын. Оның әкесі Отто Франк отбасынан жалғыз өзі тірі қалды. 1947 жылы қызының қазір бүкіл елге танылған күнделігін де жариялаған сол әкесі болатын. Онда қызы Холокост кезіндегі оқиғалар туралы жазып қалдырған. Анна Франктың күнделігі тарихшылар мен қалың оқырманға сол дәуірді жақсырақ түсінуге көмектесті.

ЕЛИЗАВЕТА II ПАТШАЙЫМ, 1950 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Елизавета 1952 жылдың 6 ақпанында өзінің король әкесі Георг VI-ның өлімінен кейін патшайым атанды. Алайда оған ресми тәж кигізу салтанаты 1953 жылдың 2 маусымында ғана өтті. Ол Ұлыбритания тарихындағы ең ұзақ билеген монарх және өзі билеген уақытта монархияға көптеген өзгерістер енгізген патшайым.

АЛЛА ИЛЬЧУН, 1950 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Алла Ильчун – нағыз ертегідегі Күлше қыздың үлгісі. Түп-тамыры қазақ, Қытайда дүниеге келген қыз сән әлемінің шыңына шығу үшін соқпағы көп сүрлеуді жүріп өтті. Әкесі ГУЛАГ-қа түскеннен кейін Аллаға анасымен бірге Парижді паналауға тура келді. Онда ол ыдыс жуушы болып жұмыс жасап жүріп, соғыс басталғанда Көтерілісшілер қатарына қосылды. Мұнан кейін оның өмірінде төңкеріс болды: сәнбикеш құрбысы ауырып қалып, Алладан ол кезде ісін енді бастап жатқан модельер Кристин Диордың кастингіне өз орнына баруды өтінеді. Алла сән маэстросына ұнап қалып, оның музасына айналды. Модельердің өзі оны бойтұмарым деп атаған. Диор көз жұмғаннан кейін Алла Ив Сен Лоранмен 10 жыл қоян-қолтық жұмыс жасады.

ЭЛЛА ФИЦДЖЕРАЛЬД, 1950 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер
Элла Фицджеральд бейнеленген пошта маркасы

Тарих бетіне жазылған 1958 жылы ол танылып қалған джаз әншісі еді. Элла Фицджеральд – «Грэмми» сыйлығын алған алғашқы афроамерикалық әнші. Сол кезде ол бірден екі аталымды: «Үздік әйел джаз орындаушысы» және «Үздік әйел вокалын» жеңіп алған болатын.

МЭРИЛ СТРИП, 1980 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Мэрил Стрип «Оскар» сыйлығының номинациялары саны бойынша өз рекордын өзі жаңартты: оның қоржынында осымен 21 номинация бар. Алғашқы номинациясын ол 1978 жылы «Охотник на оленей» фильмі үшін алған болатын. Дегенмен алтын мүсіншені ол қолына 1980 жылы «Крамер Крамерге қарсы» туындысындағы рөлі үшін иеленді.

ЭЛИЗАБЕТ ТЕЙЛОР, 1990 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Өзінің дау-дамайға толы қарым-қатынастарымен танылған актриса «АИВ/ЖИТС-пен күрес бойынша Элизабет Тейлор қорын» құрды. Бұл 1991 жылы Тейлордың жақын досы Рок Хадсон осы аурудан көз жұмғаннан кейін орын алды. Қор аталмыш науқаспен ауыратындарға қолдау көрсетеді және озық емдеу әдістерін зерттеу ісін қаржыландырады. Элизабет Тейлор ЖИТС туралы саясаткерлер де, басқа танымал жандар да жақ ашпаған тұста осы проблема жайлы ашық айта бастағандардың бірі болды.

ДЖ. К. РОУЛИНГ, 1990 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Джоан Роулинг Гарри Поттер туралы аса танымал кітаптар топтамасының авторы болып табылады. Алғашқы романы 1997 жылы шықты. Ал 1999 жылы алғашқы үш сериясы New York Times-тың үздік бестселлерлерінің үштігін бастады.

ХИЛЛАРИ КЛИНТОН, 2000 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Алғашқы ханымдық қызметінен кейін Клинтон 2000 жылы АҚШ Сенатына сайланды. Ол Барак Обаманың тұсында мемлекеттік хатшы қызметін жалғастырды және 2016 жылы ірі саяси партия атынан президенттікке үміткер атанған АҚШ тарихындағы алғашқы әйел атанды.

ОПРА УИНФРИ, 2000 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Чикагодағы өз ток-шоуын  ашпас бұрын Уинфри жетпісінші жылдары еңбек жолын Нэшвиллде тілші ретінде бастады. Опра Уинфридің шоуы 1986 жылы ұлттық шоу деңгейіне көтерілді. 2003 жылы ол миллиардер атанған алғашқы афроамерикалық әйел атағын иеленді.

ХЭЛЛИ БЕРРИ, 2000 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

 «Бал чудовищ» драмасындағы таңғажайып ойынының арқасында 2002 жылы Хэлли Берри үздік әйел рөлі үшін «Оскар» алды. Ол осы аталымда алтын мүсіншені жеңіп алған алғашқы және жалғыз афроамерикалық әйел.

 МАЛАЛА ЮСУФЗАЙ, 2010 жылдар

Тарихтағы әлемді өзгерткен әйелдер

Малала адам құқығы, білім мен әйелдер құқығы үшін күреседі. Осы үшін оны «Талибан» лаңкестік ұйымының баскесерлері ауыр жаралады. 2014 жылы 17 жасында Юсуфзай әлемнің Нобель сыйлығын алды.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: