Бүгінде жан тыныштығын Балиден іздеп жүрген Әсел Сәдуақасованың өмірі көпшіліктің жіті назарында. Кинопродюсер әрі актриса инста оқырмандарымен тілдесіп, бірнеше сұрақтарға жауап берді. Мәселен, елге қайта оралу жайлы сөз қозғаған Әсел: «Қазақстанға қайта келу жоспарда бар, бірақ қашан екені белгісіз», — дейді.

Әсел Сәдуақасова

Оған қоса, Балиге сүйіктісімен емес, анасымен аттанған сылқым танымалдылыққа қалай ие болғаны туралы да сауалдарға жауап берді.  Сәдуақасова кастингтерден талай сүрінсе де, тауы шағылмағанын айтады. Продюсердің пікірінше, тоқтамай еңбек ету мен армандау діттеген мақсатыңа жеткізеді. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: