ТМД елдеріне танымал музыкант The Limba таяуда ғана инстаграм парақшасында сүйіктісіне жүрегі мен жүзігін ұсынып, үйленуге ұсыныс жасағанын салып, оқырмандарын қызықтырып қойған еді. Өнерпаз қалыңдығының кім екенін ұзақ уақыт жасырмай-ақ, көпшілікпен таныстырды. Мұхаметали Ахметжанов өмірлік серігі ретінде Полина Филимонованы таңдап алған. Әнші ғашығына 138 млн теңге тұратын 7,5 караттық жүзік сыйлаған еді.

Инстаграмда 1,5 млн оқырманы бар сылқым, кәсіби кондитер. Небәрі 19 жасында кондитерлік мектеп ашқан тәтті тағамдар дайындайтын маманның жылдық табысы 120 млн рубльді құрайды. Еске салсақ, Паулина есімімен танымал аур бұған дейін қазақстандық музыкант Dose-пен көңіл қосқан еді. Енді алдағы уақытта Лимбамен Полина дүркіретіп үйлену тойын атап өтпек.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: