Күз-қыс мезгіліне арналған сән апталық аяқталуға жақын болса да, біз жарты жылға шегініп, 2025 жылдың көктем-жаз маусымындағы трендтегі сөмкелерді зерттеп көрдік. Ең көп сұранысқа ие үлгілерді әрқашан сән тенденцияларынан қалыспайтын брендтердің көрсетілімдерінен іздейміз. Басты фавориттер сізді осы мақалада күтеді.
Жоғарғы тұтқалы сөмке


Бұл модельдер «боулинг сөмкесі» деген атауға да ие. Себебі, олардың ішіне бір, тіпті екі шар да оңай сыйып кетеді. Ыңғайлылығы мен функционалдығын бағалайтындар үшін бұл сөмке таптырмас аксессуар.
East-West


Ұзын, созылмалы аксессуарлардың трендте екенін біз бұрыннан айтып келеміз. Alaïa Le Teckel моделінің «шығыстан батысқа қарай» созылған дизайны сән әлемінде шынайы аңызға айналды. Енді басқа брендтер де бұл трендті белсенді қолдауда.
Қоңыр түсті күдеріден жасалған сөмке


Есте сақтаңыз: қоңыр түсті күдері әлі де трендте. Бұл материалдан тек күрте, шалбар мен юбка ғана емес, аксессуарлар да сәнді көрінеді. Айтпақшы, реңктерді кофе, жер түстес, карамель немесе қоңыр түстеріне дейін таңдауға болады.
Жұмсақ тоут-сөмке


2025 жылдың көктем-жаз маусымының ең сәнқой сөмкелері қолда да, қолтық астында да әдемі көрінеді. Сондықтан дизайнерлер икемді, бүктелетін әрі оңай тасымалданатын модельдерді ұсынады. Бірақ олар әлі де өз функционалдарын жоғалтқан жоқ.
Тоқылған модель


Жылы маусым жақындаған сайын тоқылған сөмкелерге деген сұраныс артады. Олар бізге күннің ыстығын, теңізді еске түсіріп, көңіл-күйімізді көтереді. Біз жазды шақырғымыз келіп, бұл сөмкелерді шамандардың бубеніндей пайдаланамыз.
Бахрома


Бахрома қайтадан сәнге енуде, және оны тоқтату мүмкін емес. Көйлектерден, пальтолардан, етіктерден бастап, шалбар мен аксессуарларға дейін бұл сәндік элемент ерекше атмосфера беріп, образды стильді әрі тартымды етеді.
Harper’s BAZAAR Arabia ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Spotlight.