Ауруханадан шыққан Том Хэнкс жанкүйерлерін өз денсаулығы жайында хабардар етуге бел буды. Бұл жөнінде ол өзінің Instagram парақшасында пост жариялады.

 «Достар, сәлем. Жақсы жаңалық: менен коронавирус анықталғаннан кейін бір апта өтсе де, сиптомдар еш өзгерген жоқ. Ешқандай безгек жоқ, тек іш пысты. Төсек жинап, ыдыс жуу адам баласын жалықтырады екен», — деді 63 жастағы актер.

Коронавирус жұқтырған голливудтық актер өзін жақсы сезінетінін айтты

Естеріңізге сала кетейік, Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон Австралияда жүріп, коронавирусқа сынама тапсырды. Екеуінің де нәтижесі оң болып шықты. Бірнеше күн бойы олар алдымен ауруханада карантинде болып, ауруханадан шыққаннан соң Австралиядағы үйлеріне оқшауланды.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.com.

Поделиться: