Төмен белді белдемшелер — дәл қазір сізге керек дүние
Фото. Spotlight

Төмен белді белдемшелер — дәл қазір сізге керек дүние

03 марта 2026

Төмен белді шалбарлар сән әлеміне әзірге баяу оралып жатса, миди мен макси ұзындықтағы белдемшелер бұл трендті зор ықыласпен қабылдады. Мұндай тартымды әрі батыл үлгілер мүсінді әдемі айқындап, образға нәзіктік пен әйелдік сипат береді. Harper's BAZAAR España басылымының мәліметінше, стилистер мен сәнқойлар трендтің түрлі қырын батыл сынап көруден қорықпайды. Harper’s BAZAAR Kazakhstan атап өткендей, төмен белді белдемшелер — жылы маусымда гардеробыңызға жетіспей тұрған дәл сол бөлшек.

Көктем-жаз маусымындағы сән апталығында Balenciaga, Chanel, Tory Burch және өзге де брендтер бұл тенденцияға өзіндік интерпретацияларын ұсынды. Дизайнерлер ортақ бір концепцияға тоқталмаған: подиумда біз жеңіл әрі төгілмелі үлгілерді де, қатаң пішіндегі модельдерді де, қауырсынмен безендірілген нұсқаларды және миди-баллон белдемшелерді де көрдік.

Мамандар төмен белді белдемшелерді екі түрлі тәсілмен киюді ұсынады. Бірінші жағдайда олар қысқа топтармен немесе футболкалармен үйлесіп, нәзік әрі ойнақы көрінеді. Екінші нұсқада — классикалық жейделермен жарасымды үйлесім табады. Әрине, бұл стильдеудің жалғыз жолы емес. Боди, худи, трикотаж джемперлер мен жакеттер де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қалай болғанда да, басты мақсат — мықынға акцент жасап, нөлінші жылдар стилін айқындау.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше