Өкінішке қарай, қартаю – қайтымсыз үдеріс. Алайда бүгінде сарапшылар оны екіге бөледі: «тыныш» және «шулы» қартаю. Harper’s BAZAAR España басылымының хабарлауынша, мамандар әр адам өз қартаю типін білгені жөн дейді. Себебі тері күтімі соған сай таңдалуы керек. Біз уақытты кері қайтара алмаймыз, терідегі өзгерістерді тоқтату да мүмкін емес, бірақ бұл процесті баяулатуға болады.
«Тыныш» және «шулы» қартаюдың айырмашылығы қандай?
Атауынан-ақ аңғаруға болады: «тыныш» қартаю біртіндеп жүреді. Оның белгілері отыз жастан кейін анық байқала бастайды. Терідегі кемшіліктер көзге түссе де, олардың иелерінде тиімді күтім таңдау үшін уақыт бар. Мимикалық әжімдер, терінің салбырауы мен жарқыраудың азаюы аса көзге түспейді, бірақ сіз оларды байқай аласыз.
Ал «шулы» қартаю керісінше, бірден байқалады. Мимикалық әжімдер, қатпарлар мен гиперпигментацияны жасыру қиынға соғады. Сарапшылардың айтуынша, «каскадты» қартаю – тері үшін қалыпты жағдай, әсіресе 45 жастан кейін, менопауза кезеңінде, тері коллагенді жылдам жоғалта бастайды. Бірақ мамандар бұл кезеңге жетпеген әйелдер де «шулы» қартаюдың барлық белгілерін сезінуі мүмкін екенін айтады. Оның себебі – созылмалы стресс пен қандағы кортизол деңгейінің жоғарылауы.

Фото. Shutterstock. Автор. Dmytro Flisak
Күтім
Қартаюдың қай түрі болмасын, оны бақылауда ұстауға болады. Ең бастысы – дұрыс күтім. Егер теріңіз баяу және біртіндеп қартаятын болса, сұлулық сөреңізде міндетті түрде күннен қорғайтын крем, антиоксиданттар (С және Е дәрумендері), ретиноидтар мен гидроксиқышқылдар (AHA) болуы керек.
Ал 40 жастан кейін басқа косметикалық өнімдерге назар аудару қажет. Бұл кезеңде құрамында пептидтер, жоғары концентрациядағы ретинол, өсу факторлары мен гидроксиқышқылдар бар нәрлі формулаларға артықшылық берген жөн.концентрациях.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. Prostock-studio.