Егер сіз үйден шығар алдында бір затыңызды ұмытып кетсеңіз, танысыңызға қайта қоңырау шалу немесе әжеңізді мерекемен құттықтау есіңізден шығып кетсе – бірден ұмытшақтық ауруына шалдықтым деп, уайымға батпаңыз.

Торонто университетінің жаңа зерттеуі ұмытшақтық ұшқыр ақыл-ойдың белгісі болуы мүмкін деп санайды. Алынған деректер адам миының ақпаратты жіктейтінін дәлелдейді. Керек деп санағанын есте сақтайды да, аса маңызды емесін жадыда ұзақ сақтамайды.

Ұмытшақтық ұшқыр ойдың белгісі болуы мүмкін
Ұмытшақтық ұшқыр ойдың белгісі болуы мүмкін

Егер адамның миы өткен жайт туралы ұсақ-түйектерді ұмытып, алайда толық көріністі еске түсірсе, бұл қорытып, болған оқиғаны бұрынғы тәжірибемен салыстыруға, осылайша логикалық ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Ал ақпарат шамадан тыс көп болып кетсе, сіз абдырап, шешім қабылдау қиынға түсуі мүмкін.

Ричардстың айтуынша, естеліктерді есте сақтаудың ең жақсы тәсілі – оны күштеп жадыда сақтауға тырыспау.

Шын мәнісінде ара-арасында ұсақ-түйекті ұмытып қалу – қайта сау адамның белгісі. Демек, алаңдауға себеп жоқ.

Фото Pexels.com

Поделиться: