«Ninety One» тобының мүшесі Alem әке атанады! Мұндай қуанышты жаңалықты Батырхан Мәлік пен жары Вероника Жанғалова инстаграм парақшаларында мәлімдеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Жұлдыз жұп отбасындағы маңызды сәтті ерекше романтикалық видеоролик арқылы жеткізді. Контенттен болашақ сәбиінің анасына ән арнап тұрған Alem мен іші шығып қалған Верониканы көре аласыз. Ал әдемі жұптың фанаттары жарыса құттықтауларын жаудырды. Біз де жас отбасының қуанышына шын жүректен ортақпыз!


Автор, Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @xcialem

Поделиться: