Ондай қыздардың таңы кофе ішуден емес, Instagram-ға кезекті селфи жасаудан басталады. Ол өзінің табиғатқа деген сүйіспеншілігін фотограф ретіндегі жасырын талантымен үйлестіреді. Көп жағдайда ол сәнді, қымбат көлікті басқарып, не үлкен гүл шоқтарымен түскен суреттерін әлеуметтік желіге жүктегенді ұнатады. Ол әртүрлі сұлулық салондары мен СПА орталықтарына барып, өзіне және сыртқы келбетіне инвестиция салуға құштар. Кейін бұл сәнді мейрамханалардағы түскі астар, Дубайға сапарлар сынды қызықтармен жалғасады. Халық арасында ондай қыздар тіпті, «VIP ҚАЗАҚ» деген атауға ие болды. Бір өкініштісі, бүгіндері көптеген нәзікжандылар осы терминнің өзіне қатысты айтылғанын қалайды. Және ол үшін бәрін істеуге дайын. Осы орайда, біз психолог Кристина Tипстен неліктен қыздардың сәнді өмірге ұмтылатынын сұрастырдық. Өйткені, көп жағдайда оның арты жақсылықпен аяқталмайтыны да белгілі.

VIP ҚАЗАҚ
Кристина Типс, психолог

«Шыныменде, елімізде осындай қыздар саны көбейіп барады. Бәріміз ондайларды білеміз. Олар ернін үлкейтіп, кірпіктерін ұзартқан және түрлі шоурумдарда киінетін, қыста міндетті түрде қысқа тон, не көкірекше киген нәзікжандылар. Оның Instagram-ында коктейль ішіп, не кальянмен түскен тағы беті смайликпен жабылған жігітімен түскен суреттері көп.  Ондайлардың ғашығын неге жасыратыны да белгісіз. Мүмкін басқалардың көзі түспесін деп, не әйелі көріп қоймасын деп жабатын шығар. Осы тұсы беймәлім. Әйтеуір ондай қыздар, қаланың тек ең қымбат әрі сәнді жерлеріне барғынды ұнатады»,- дейді коуч.

VIP ҚАЗАҚ болу сәнге айналған ба?

Кристина, көп жағдайда Instagram-дағы әдемі картиналардың артында бірқатар проблемалар жасырылғандығын алға тартады. Сондықтан әлеуметтік желіде көргеннің бәріне сене беруге болмайды.

«Көп жағдайда ол қыздарды бір-бірінен ажырата алмайсың. Өйткені, олар бет-әлпетін хирургиялық әдіспен жасап алған. Ондай нәзікжандылар бір-бірін қайталайды. Яғни, өзінің емес, өзгенің өмірін сүреді. Және көбіне, өздерін бай және  тәуелсіз адам ретінде көрсеткісі келеді»,- дейді психолог.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қыздардың ылғи өзіне көңілі толмайды. Олар өзгелерге ұнағысы келеді. Және оп-оңай «алтын торға» кіріп, кейін одан шығу жолдарын таба алмай қалады. Эмоциялар мен сезімдер басылады. Ашу мен қызғанышты көрсете алмай қалады.  Сөйтіп, ерте ме, кеш пе депрессияға ұшырайды. Жалған бахыт пен махаббат ешқашан шынайы сезімдерді алмастырмайды. Жасыратыны жоқ, алдымен өзіңді бағалауды, құрметтеуді, жақсы көруді үйрену керек. Тек содан соң ғана мұны басқалардан талап етуге болады. Сонымен, мұндай күрделі психологиялық проблемалары бар жандардың санатында болғың келе ме?

VIP ҚАЗАҚ

Әрине, жақсы өмір сүру үшін ұмтылыс қажет. Бірақ осы ретте, өз қалауларыңды ұмытпаған абзал. Айтпақшы, бұл тек қыздарға ғана қатысты емес. Өйткені, әрбір қазақстандық «Барбиге» Кен табылады. Бірақ бұл туралы кейінірек…


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. Shutterstock.com.

Поделиться: