Бүкіл әлем мен жекелеген өңірлердегі коронавирустың таралуын қадағалауға арналған карта демалыс күндері пайда болды. Жексенбі күні Яндекс ресми түрде жаңа сервисті іске қосты. Онлайн карта нақты уаөытта коронавирустың пайда болу жайттарын қадағалайды. Картану жасаушылардың айтуынша, сервис Роспотребнадзордың деректеріне сүйенеді. Картаның өзі әдеттегі «Яндекс-Картаның бір бөлігі болып табылады.

Harper’s Bazaar Kazakhstan редакциясы жаңа сервистің жұмысын бақылап көруге бел буды. Сәл-пәл кешіккенімен, сервис расында жұмыс жасайтын секілді. Мәселен, 2020 жылдың 17 наурызы күні сағат 10 с. 45 минутта Қазақстанда ресми түрде вирус жұқтырған 13 адам тіркелді. Ал карта тек 10 адамды көрсетіп тұрды.

Алайда, төтенше жағдайда қандай да бір құралды сынауға болмайды. Сондықтан оқырмандарымызға жаңа сервис туралы хабарлаймыз. Сонымен қатар, бұдан сәл ертерек пайда болған ұқсас онлайн-карта да бар. Ол құралмен де танысып көрсеңіздер болады. Бастысы дендеріңіз сау болсын!

Яндекс коронавирустың әлемдегі таралу картасын жасады
Бүкіл әлем мен жекелеген өңірлердегі коронавирустың таралуын қадағалауға арналған карта. Түрлі сервистерді пайдалануға болады.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Яндекс-карталар, Pexels.com.

Поделиться: