Өткен уикэнд күллі шоу-бизнес өкілдері Akha мен Aishka-ның үйлену тойында болды. Жұлдызды жұп өмірлеріндегі ең маңызды күнді өздерінің өнердегі және өмірдегі достарымен атап өтті. Әлеуметтік желідегі фолловерлер ең әдемі жұп атап кеткен жас жұбайлардың шаңырақ көтеруіне орай үшінші тойы Алматыда ұйымдастырған. Еске салсақ, бұған дейін Аишка ұясынан ұшып, ұзатылды. Одан кейін, Акhа-ның туыстарына Шымкентте той жасалды.
Аиша тойдың алғашқы бөліміне 30 жыл бұрын анасы киген той көйлегімен, әкесінің қолынан ұстап ортаға шықты. Қос ғашық салтанатты шараның әрбір детальіне мұқият дайындалған.
Еске салсақ, 2 жыл бұрын Ахмет пен Аиша әлеуметтік желіде танысқан болатын. Акһа-ның репертуарындағы «Какая ты красивая?», «Принцесса», «Закрываю глаза», «Insomnia» сынды тректердің барлығы қалыңдығына арнап жазылған еді.






Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aishka_adi