«Өмір деген сахна!
Мінезім сай атыма!
Жұқсын менің бақытым,
Барлық әйел затына!» , - деп Ерке Есмахан демалысынан оқырмандарына сәлем жолдады.
Ерке Есмахан мен RaiM кезекті демалысқа аттанды. Жұлдызды жұп бұл жолы Мальдив аралдарына таңдау түсірген. Шет елге Ерке ұлы Мүсілім де ертіп барған. Отбасылық демалысты қос ғашық инстаграм желісінде бөлісіп, белсенділік танытып жүр. RaiM дайвингке барып, теннис ойнап жүрсе, Ерке мен баласы теңіз жағасында уақыт өткізіп жүр.
Ерке мен RaiM-ның саяхаттап келетінін естіген Мальдив аралдарының қызметкерлері тосын сый әзірлеп қойған. Жұлдызды жұпқа 11 миллион теңгелік бөлме тегін берілген. Ал Ерке мен Райымбек мұндай тегін сыйлықтан бас тарта алмадық дейді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan