Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан келін атанып, тұрмысқа шыққалы бері, сахнадан жиі көрінбейтін болды. Әнші соңғы кездері тіпті той, ауқымды патилерден де бас тартқан. Өнер иесі, кезінде тыңбай еңбек еткенмін, енді демалатын кез келді дейді.
Еркенің мұндай шешімге келуіне күйеуі RaiM әсер еткен. Өнерден жырақтау туралы Есмахан өзінің инстаграм парақшасында жауап берді
«Бұрын үй көрмей ұшып қонып жүретінмін. Ақша табу керек. Үйту керек, бүйту керек деп. Сол кездері, дәл осы сәтті армандайтынмын. Жәй ғана әйел бақытын армандайтынмын. Алла қазір арманымды орындап, молынан беруде, шүкір!
Гастроль, концерт, тойға қазір көп шықпаймын. Қаласам шығармын анда санда. Әзірге осы күйім өзіме ұнайды. Арқа сүйер, асыраушы күйеуім бар. Мен еркелеушімін.»
Десе де, Ерке сүйікті тыңдармандарын ұмыт қалдырмайды. Әнші қалаған уақытында сахнаға шығып тұрады. Сондай-ақ, өнер иесі өзінің күйеуі RaiM-мен бірігіп дуэт ұсынбақ. Алдағы уақытта жұлдызды жұп туындыға арналған бейнебаян да таспалайтынын мәлімдеді.

Фото. Instagram @erke_esmahan
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan