Жаңа It-girl: «Кампустан тыс» туындысының жұлдызы Мика Абдалла туралы не білеміз?
Фото. Getty Images. Автор. Mike Coppola.

Жаңа It-girl: «Кампустан тыс» туындысының жұлдызы Мика Абдалла туралы не білеміз?

12 июня 2026

«Кампустан тыс» сериалының жұлдыздары әлеуметтік желілерді жаулап алды! Актерлерді бүгінде интернеттегі өміріміздің бір бөлшегіне айналды десек артық емес. Күн сайын олар туралы жаңа деректер білгіміз келеді. Мәселен, Джош Хьюстон музыкант рөлін алғанға дейін ән айтуды да, музыкалық аспапта ойнауды да білмегені белгілі болды. Белмонт Камели 2018 жылы мүлде танымайтын адамға бүйрегін донор ретінде берген. Ал Стивен Калин бір қызға шамамен 15 жылдан бері ғашық екен (иә, бұл оның экрандағы кейіпкеріне мүлде ұқсамайды).

Енді Элли Хейздің рөлін сомдаған Мика Абдалламен жақынырақ танысатын уақыт келді. Дженнифер Лопестің культтік көйлегінің көшірмесін киіп билеген әсерлі биінен кейін актриса көрермендердің жүрегін бірден жаулап алды. Мика қай жерде дүниеге келген? Қандай жобаларға түсті? Оның қазіргі махаббаттағы мәртебесі қандай? Осы және өзге де қызықты деректерді Harper's BAZAAR Kazakhstan материалынан оқыңыз.

Тағдыр жазған мудборд

Миканың Элль Кеннедидің бестселлерлері негізінде түсірілген сериалға бекітілу тарихын тағдырдың сыйы деуге болады. Шоурайнер Луиза Леви кастингтер басталмай тұрып-ақ Prime Video басшылығына арналған жоба презентациясының мудбордын әзірлеу кезінде Абдалланың әлеуметтік желідегі суреттеріне және «Закусочная» фильміндегі образына назар аударған.

Новая It-girl: все о звезде «Вне кампуса» Мике Абдалла

Тіпті ол Элли Хейздің Instagram парақшасының үлгісін жасап, кейіпкердің визуалды бейнесін қалыптастыру үшін дәл Миканың фотоларын пайдаланған. Бір қызығы, актрисаның өзі бастапқыда Ханна рөліне кастингтен өткен. Бірақ кейін ол бұл кейіпкердің музыкалық бағыттағы сахналары өзіне аса қызық болмағанын айтқан.

«Мен әнші де, музыкант та емеспін. Бірақ Эллидің бейнесі мені ерекше тартты. Ол — менің ең жақсы күнімдегі өзім секілді. Қуатым 10-ның 10-ы болғандағы күйім», — дейді актриса.

Әсіресе сериалдағы әйгілі костюмді кешке дайындық оңай болмаған. Онда Элли Дженнифер Лопестің 2000 жылғы Grammy марапаттау рәсімінде киген аты аңызға айналған Versace көйлегінің көшірмесін киіп шығады. Бұл образ нөлден жасалған: бес рет күрделі өлшем алу жұмысы жүргізіліп, метрлеп екіжақты скотч қолданылған. Ең бастысы — өзіне деген сенімділік қажет болған.

Вирустық шаш үлгісі

Мика түсірілім алдында сыртқы келбетін де өзгерткен. Нәтижесі өз жемісін берді. Стилисттер оның кекілмен үйлескен текстуралы shaggy шаш үлгісін жылдың басты трендтерінің бірі деп атауда. Кейбір мамандар бұл образдың тіпті «Достар» сериалындағы Рэйчелдің культтік шаш үлгісін ығыстырып бара жатқанын айтады.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыздар сұлулық салондарына Миканың фотосын алып барып, дәл сондай шаш үлгісін сұрайды.

Новая It-girl: все о звезде «Вне кампуса» Мике Абдалла
Фото. Getty Images. Автор. Frazer Harrison.

Философия, бал билері және Техас тамыры

Миканың өмірбаяны да ерекше. Ол 2000 жылдың 13 мамырында Техас штатындағы Плано қаласында дүниеге келген. Актриса — АҚШ-та туған алғашқы буын өкілі. Оның қанында болгар, ливан, грек, итальян және неміс ұлттарының қаны араласқан. Сондықтан да оның келбеті ерекше әрі есте қаларлық.

Новая It-girl: все о звезде «Вне кампуса» Мике Абдалла

Балалық шағында Мика кәсіби түрде ат спортымен және бал билерімен айналысқан. Сонымен қатар мектепті құрдастарынан бір жыл бұрын үздік тәмамдаған.

Көпшілік сияқты бірден актерлік кастингтерге кірісіп кетудің орнына ол білім алуды таңдады. Абдалла беделді Калифорния университетіне (Лос-Анджелес) түсіп, философия мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

«Өзіме көбірек қабілетті екенімді дәлелдегім келді. Шынымды айтсам, философияны оқу кейіпкерлерімнің ішкі мотивтерін тереңірек түсінуге көмектеседі», — дейді актриса.

Балалар шоуынан HBO жобаларына дейін

Көпшілік Миканың актерлік жолы «Кампустан тыс» сериалынан басталды деп ойлайды. Алайда ол бұл индустрияда алты жасынан бері еңбек етіп келеді.

Алғашында модель ретінде жұмыс істеген ол кейін балаларға арналған әйгілі «Барни және достары» шоуында көрінді. Ал алғашқы үлкен танымалдылығын Netflix платформасындағы ғылыми-танымдық Project Mc² сериалындағы жас агент Маккейла Макалистер рөлі арқылы алды.

Новая It-girl: все о звезде «Вне кампуса» Мике Абдалла

Жеке өміріндегі жаңа кезең

Экрандағы Элли Хейз секілді Мика Абдалла да өмірінде үлкен өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Актриса бес жыл бойы әріптесі Джейк Шортпен кездескен. Олар «Секс-приложение» жобасының түсірілім алаңында танысқан. Былтыр мамыр айында жұп тіпті некеге тұратынын жариялап, жанкүйерлер олардың сәнді үйлену тойын асыға күткен болатын. Алайда «Кампустан тыс» сериалының сәтті премьерасынан бірнеше апта өткен соң актрисаның ресми өкілі олардың айырылысқанын және неке қию жоспарларының тоқтатылғанын растады.

Новая It-girl: все о звезде «Вне кампуса» Мике Абдалла

Бойдақ өмірдің жаңа кезеңі

Экрандағы кейіпкері Элли Хейз секілді Мика Абдалла да қазір өміріндегі маңызды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Актриса бес жыл бойы әріптесі, актер Джейк Шортпен кездескен. Екеуі «Секс-приложение» жобасының түсірілім алаңында танысып, онда бала күнгі ғашық достардың рөлін сомдаған.

Өткен жылдың мамыр айында жұп тіпті некеге тұруға ниетті екенін жариялап, жанкүйерлер олардың әдемі үйлену тойын асыға күткен еді. Алайда «Вне кампуса» сериалының сәтті премьерасынан кейін небәрі бірнеше апта өткен соң актрисаның ресми өкілі қос жастың айырылысқанын және неке қию жоспарларының тоқтатылғанын растады.

Новая It-girl: все о звезде «Вне кампуса» Мике Абдалла

Дегенмен бұрынғы ғашықтар достық қарым-қатынасты сақтап қалған. Ал сериал жанкүйерлері болса түрлі теория құрудан жалықпайды. Өйткені кітап сюжетінде Элли жаңа махаббатты өміріне кіргізер алдында бұрынғы жігітімен қоштасады. Сондықтан көпшілік өнердегі оқиға өмірде де қайталанып жатыр деп болжайды.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Instagram @mika.abdalla

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше