Өзге мамандықты бітірген қазақстандық актерлер мен актрисалар

19 марта 2025

Қазақстанда актерлік шеберлікті арнайы оқымай-ақ, өзге салада білім алып, өнер әлеміне бет бұрған танымал тұлғалар аз емес. Олардың өмір жолы – шабыттың, батылдықтың және өз-өзіне деген сенімнің көрінісі. Бұл материалда біз мамандығы басқа болса да, таланты мен еңбегі арқылы кино әлемінің биіктерін бағындырған отандық жұлдыздарды ұсынамыз.

Санжар Мәди

«Охота за призраком», «Ёлки-2», «Сказ о розовом зайце» секілді ауқымды жобалар арқылы танылған Санжар Мәдидің алғашқы мамандығы ол - экономист. Көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүрген табысты актер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті болған.

Қарлығаш Мұхамеджанова

Актриса өнерлі отбасыдан болса да, ата-анасы сияқты музыка саласына бет бұрмаған. Айтса кетсек, Қарлығаш танымал опера әншісі Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаеваның туған қызы. Оның тәмамдаған мамандығы заңгер болса да, өмір жолы оны өнерге алып келген. Қазірде ол еліміздің кинонарығында сұранысқа ие актрисалардың бірі.

Динара Бақтыбаева

«Он и Она» фильмі арқылы көрермен жүрегін жаулап алған Динара актриса мамандығын оқып бітірмеген. Көпшілік режиссерлердің көзайымына айналған ару «Радиотехника, Электроника және Телекоммуникациялар» маманы. Таңдаған жолы өнерден алыс болғанымен Бақтыбаеваны кино саласындағы актрисалардың алды деуге де болады.

Айсұлу Әзімбаева

Талантты театр және кино актрисасы Айсұлу Әзімбаева да өнерге бар жанымен ғашық жандардың бірі. Оның мұндай ерекше махаббатына қарап, бала кезінен қалаған арманы сірә дерсің. Алайда жоғарғы оқу орнын Айсұлу «қаржыгер» мамандығына тәмамдаған.

Тәуекел Мүслім

Экран арқылы біраз арудың жүрегін жаралаған сері бұл салаға кездейсоқ тап болған. Актердің оқып бітірген мамандығы негізінде - «инженер - механик». Машина жасау саласы бойынша білім алған ол кино алаңда өзінің сымбатты бейнесімен көзге түскен. Қазіргі таңда Тәуекел әлі де стандартты ер бейнесінің барлық талаптарына сай келетін актердің бірі және бірегейі.


Автор. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Instagram @sanjar.madi

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше