Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрдайым қызықты, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейінгі өзгерісін көрсетпек. «Жұлдыздар: танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «До и после» айдарының бұл жолғы кейіпкері – актриса, тележүргізуші, сондай-ақ «MOM’СКИЙ ӘҢГІМЕ» YouTube жобасының авторы Айнұр Ілиясова.
Айнұр Ілиясова – нағыз role model! Қазақстандық киноактриса әрі тележүргізуші өз өмірлік ұстанымымен, құндылықтарымен және заманауи көзқарасымен көпшілікке үлгі. Кино, концерт, тележоба, тіпті YouTube подкаст – қай салада өзін сынап көрсе де, Айнұр Ілиясова әрдайым кәсібилік пен сапаны алдыңғы қатарға қояды.


2014 жылы жарық көрген «Келинка Сабина» комедиясы Ілиясованы қалың көпшілікке танытты. Актрисаның алғашқы мамандығы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «жылу энергетикасының инженері». Алайда, өнерге деген шынайы құштарлығы оны Қырғызстанның мәдениет және өнер институтына жетелеп, ол жерде «театр және кино» мамандығы бойынша білім алды. 2008-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қызмет етіп, сахнада өз шеберлігін шыңдады.


Айнұр Ілиясова – өнерге адалдығы, отбасына деген сүйіспеншілігі, сондай-ақ сұлулық пен сенімділіктің символы ретінде көрермен жүрегінен ерекше орын алған тұлға. Ол өзінің табиғи сұлулығымен көптеген нәзік жандыларға шабыт беріп, нағыз мотиваторға айналды. Ескі фотосуреттеріне назар аударсаңыз, өнер иесінің жылдар бойы әдемілігін сақтап қалғанын байқауға болады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.