Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрдайым қызықты, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейінгі өзгерісін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «До и после» айдарының кезекті кейіпкері – кино және театр актрисасы Зарина Кармен.


Зарина Кармен – нағыз сұлулықтың ғана емес, сахна мен экрандағы шынайылықтың символы. Ол қазақ киносы мен театрының ең сұраныстағы жұлдыздарының бірі.


Балалық шағынан бастап өнерге жақын болып өскен Зарина актерлік мансапқа қызығушылық танытып, білімін кәсіби деңгейде шыңдаған. Оның киноқоржынында бірнеше толықметражды фильм мен отандық телехикаялар бар. Соңғы жылдары «Міржақып. Оян, Қазақ!», «Әнел», «Мой папа – тигр» сынды танымал фильмдерде бой көрсетті. Ал театрдағы спектакльдері үздіксіз қойылып келеді.


«Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» және «Şam» театрының актрисасы тек сахна мен экранда ғана емес, өмірде де ерекше жан. Оның ішкі мәдениеті, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығы өнердегі жетістіктерінің басты негізі. Өнер жолындағы шынайылығы мен таланты оны жас буынның үлгі тұтар тұлғасына айналдырады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.