Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрқашан қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – «Ninety One» тобының мембері, сондай-ақ соло әнші Alem.
Alem a.k.a. Батырхан Мәлік – «Ninety One» тобының мембері. Батыр топтың шығармашылығынан бөлек, соло әртіс ретінде де өнер көрсетеді. Жеке әнші болып алғашқы «Daiynbyz ba?» композициясын 5 ай бұрын жарыққа шығарған болатын.
Alem бала күнінен сахнада жүр. Кішкентайынан жүрегі өнер деп соққан Батырхан түрлі музыкалық байқауларға қатысып, өзін шыңдап өскені бәрімізге мәлім. Батыр дәл осындай бір конкурстардың бірінен әдемі естілігімен бөлісті. 2004 жылы таспаға тартылған сурет «Бозторғай» ән додасында түсірілген. Ал бүгінде Мәлік-тегі ауқымды ареналарды лық толтырып, тыңдарманның махаббатына бөленіп жүрген музыкант.
Батыр өнерімен ғана емес, өзінің сымбатымен де көпшілікке мотивация сыйлайды. Eaglez-дің кумирі формада тұру үшін жиі спортпен шұғылданып, стилді киініп, тренден қалмауға тырысады. Ал соңғы жаңалықтарға келер болсақ, Alem-ге шабыт сыйлайтын әлемі ұлы Тайдың дүниеге келуі. Енді Батырхан кішкентай батыры жайлы әндер де жазып қалары анық.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.