Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актер Рауан Романи.

Рауан Романи – нағыз self-made! Актер талай жыл медиа салада өзінің атын брендке айналдыру үшін тынбай еңбек етіп келеді. Жастайынан кино әлемге қызығушылығы оянған Рауанның қоржынында бүгінде 12 фильм және 40-тан астам бейнебаяндар бар.

«Ирина Кайратовна» тобының «Чина» бейнебаянында Чина Братанның образын сомдап кеңінен танылған Рауанның Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында «The Lee Strasberg Theatre and Film Institute» оқу ордасында білім алғанын бірі білсе, бірі біле бермейді.

Рауан актер ғана емес, танымал брендтердің амбассадоры, ресми бет-бейнесі. Ол инста модель ретінде де көзге түсіп жүр. Рауан Романидің көптің көңілін аударған харизмасы екені жасырын емес. Ал актердың сұлулығы мен сымбатына тоқталсақ – спорт пен өз-өзімен уақытылы жұмыс жасауы. Жұлдыздың бэкграундының сыры да осы.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: