Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актер Рауан Романи.
Рауан Романи – нағыз self-made! Актер талай жыл медиа салада өзінің атын брендке айналдыру үшін тынбай еңбек етіп келеді. Жастайынан кино әлемге қызығушылығы оянған Рауанның қоржынында бүгінде 12 фильм және 40-тан астам бейнебаяндар бар.
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Рауан Романи ескі фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/05/7adfe311-d6ce-4f73-a6cc-a4a8f21e6044.jpg)
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Рауан Романи ескі фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/05/375044565_606774474969357_6993990773422419178_n.jpg)
«Ирина Кайратовна» тобының «Чина» бейнебаянында Чина Братанның образын сомдап кеңінен танылған Рауанның Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында «The Lee Strasberg Theatre and Film Institute» оқу ордасында білім алғанын бірі білсе, бірі біле бермейді.
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Рауан Романи ескі фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/05/34dac109-81f4-4b8b-9caf-fadd275a395a.jpg)
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Рауан Романи ескі фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/05/love-laugh.-every-day-by-iskarovva-by-ford_success.jpg)
Рауан актер ғана емес, танымал брендтердің амбассадоры, ресми бет-бейнесі. Ол инста модель ретінде де көзге түсіп жүр. Рауан Романидің көптің көңілін аударған харизмасы екені жасырын емес. Ал актердың сұлулығы мен сымбатына тоқталсақ – спорт пен өз-өзімен уақытылы жұмыс жасауы. Жұлдыздың бэкграундының сыры да осы.
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Рауан Романи ескі фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/05/24e915bc-6114-44ca-bc48-83f140eb78cc.jpg)
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Рауан Романи ескі фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/05/382786709_1461750897953604_7045479516460128890_n.jpg)
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.