Бала күнінен әлемдік нарықты бағындырып жүрген, Лос-Анджелесте тұратын қазақстандық жас актриса және биші Софи Манасян халықаралық жобада бой көрсетпек. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Жаңа образ, жаңа жанұя», – деп жазған Софи аталмыш жобада Лосанна есімді кейіпкердің рөлін сомдайды. Туындыны Джимми Экинбола мен Джастин Кален-Чен түсіреді.
Қазіргі таңда жаңа жоба туралы толық ақпарат жарияланбағанымен, Софи түсірілім барысындағы жаңалықтармен әлеуметтік желі арқылы бөлісіп отыратынын жеткізді.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @sofimanassyan