«Уақыт 23:57»: Жаңа жыл мерекесіне үлгермей қалған жұлдыздар кімдер?

03 января 2024

«Let’s start 2024!» Отандық жұлдыздар Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алды? Ал кім мереке түні жұмыс істеді? Сондай-ақ, отбасылық жиынға кешігіп келген танымалдар бар ма? Бірге білейік.  

«2024-інші жылды қарсы алу үшін, әзер үлгердік». Бұл Луина мен Артем Обуховтың мереке күні орын алған оқиғасы. Жұлдыз жұп, Жаңа жылды тойлату үшін үйлеріне кешігіп қала жаздағандарын көрсетіп, желіде ерекше видео жүктеді. 3 минут уақыт қалғанда Лу мен күйеуі көлікте болған, ал қара шаңырақта танымалдардың ата-әжесі және ұлы Давид күтіп отырған.

RaiM және Ерке Есмахан болса, 31 желтоқсан күні үйлерінде болды. Бұл күн ғашықтар үшін отбасы болып қарсы алған екінші жаңа жыл.  Бүгінде декретте отырған Ерке шаңырағына ерекше атмосфера, арнайы мерекелік декорация жасап, кешті әдемі қарсы алу үшін барын салған.

RaiM жаңа жылда Еркеге Prada брендінің люкс сөмкесі мен туфлиін сыйлады. Сондай-ақ, музыкант Еркенің тұңғыш ұлы Мүсілімге iPhone 15  ұялы телефонын тарту етті. Ал, Мүсілімнің қуанған эмоциясын Есмахан өзінің инстаграм stories-ында бөлісті.

Жәния Джуринская жылды қорытындылап, ерекше сәттерін көрсетті. Актриса әрі блогер үшін 2023 жемісті болғаны сөзсіз. Мәселен, Жәния күйеуі Данияр Хизметовпен бірге Beyonce, Sting, 50 CENT, NE-YO сынды әлемдік әртістердің концерттеріне арнайы шетелге барған. Оған қоса, жұп Мальдив аралдары, Грекия, Амстердам, Түркия және Араб Әмірлігіне бірнеше рет ат басын бұрған.

Динара Бақтыбаева отбасымен мереке қарсаңында арнайы фотосессия өткізді. Актриса күйеуі және екі қызымен бірге жаңа жылдық контент дайындаған.

Ал, Алтынай Жолдыбаева болса, Жаңа жыл мерекесін Медина қаласында қарсы алды. Інісі Руслан Нұрбергенмен бірге қасиетті мекенге кеткен Алтынай, осымен екінші мәрте мерекені сол жақта өткізген.

Say Mo Дубайдан сәлем жолдайды. Рэпер 2024-ті Араб Әмірлігінде қарсы алды. Оған қоса желіде 757 мың фолловері бар өнерпаз, жаңа жылға арнайы фотосессия ұйымдастырған.

Айсәуле Бақытбек - Mrs. President! Блогер биыл жаңа жылда өзгелерден ерекше болғысы келгендей. Инстаграмдағы мерекелік контенінің форматы - президенттің құттықтауы сынды. Онда Айсәуле отандастарына келіп жеткен 2024 жылға жүрекжарды тілегін айтты.  

Мадина Сәдуақасова да миллионер-блогерлерден қалыс қалмақ емес. Эстрада жұлдызы жаңа жыл түні ерекше видео құттықтау жолдады. Жаңа reels-тан сіз, аспаз Мадинаның модель Мадинаға айналғанын көре аласыз.

Нағыз мереке биыл Димаш Құдайберген үшін болғандай. Әлемге әйгілі музыкантты күллі Қазақстан тамашалады. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауынан кейін, арнайы әнұрын орындады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @luinaofficial

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше