Жаңадан танылып келе жатқан жұлдыздардың бірі — Асқар Ильясов өзінің танымалдылығын арттыра түсемін деді ме, әлде жұрттың назарын өзіне аударғысы келді ме белгісіз, әйтеуір жалаңаштанған фотоларымен бөлісіпті. Мүсіндердің арасында отырған әртістің бұл қылығана желі қолданушылары да сан қилы пікір жазыпты. Бір қызығы, жанкүйерлердің арасында Асқарды қолдағандар да бар.
Бірақ көбі оны жігіттікке жатпайтын ерсі қылығы үшін сөгіп тастаған. Десе де, актердің өзі пікірлерге жауап қатпай, үнсіз отыр. Айта кетейік, Асқар Ильясов қазақстандық киноларда ғана емес ресейлік экрандардан да көрініп жүр. Ол елімізде соңғы кезде түсірілген «Паралимпиадашы» және «Патриоттар уақыты» фильмдерінде ойнаған. Тағы Ресейде «Нулевой пациент» сериалында ойнаған актер көрші мемлекетте танымал бола түсті.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. @bagofwind. Ахат Сабидулла.