«26 жасқа келіп, қайтадан әкемді тапқандаймын…» Zheka Fatbelly оқырмандарынан сүйінші сұрады. Миллионер-блогер жұбайының әкесі, яғни қайын атасы өзіне темір тұлпар тарту еткенін көрсетті. Желі жұлдызына тойдан кейін әкесі қымбат маркалы автокөлік мінгізген.
Жеңіс Омаров пост арқылы көлігімен мақтанайын деп тұрған жоқпын, тек 17 жасында қорғансыз қалған бала Жеканың сезімдерімен бөліскім келді дейді. Блогер осылайша, отбасының көбейіп жатқанына дән риза. Еске салсақ, Zheka Fatbelly таяуда ғана дүбірлі тойын өткізіп, шаңырақ көтерген еді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zheka_fatbelly
Поделиться: