Әнші Луина да тренде! Сылқым әлеуметтік желіде тараған америкалық поп-орындаушы Меган Трейнордың Made You Look трегіне видео түсірді. Сылқым 15 секундтық контент үшін бақандай 4 сағат уақыты мен энергиясын жұмсаған.

Айтуынша, бір-біріне ұқсамайтын 5 түрлі образды жасау оңайға соқпапты. Мұны көрген инста фолловерлері Луинаның жаңа бет-бейнесі Динара Сәтжаннан аумай қалған деген пікірлерін жаудырды. Сондай-ақ, оқырмандары Луинаның туындысын «Ең үздік видео» деп шуласты.

«ӨЗІҢДІ СҮЙЕ БІЛ!»: ЛУИНА 15 СЕКУНДТЫҚ КОНТЕНТ ҮШІН ИМИДЖІН ӨЗГЕРТТІ

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: